r/>2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
3) көбеюге қатысады;
4) органикалық заттар қорға жиналады;
5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;
6) вегетативтік көбею.
ІV. Бекіту.
Сабақ дегеніміз не? Оның қандай түрөзгерістері бар? Құрылысы қандай? Атқаратын қызметі ше?
Үй тапсырмасы. 12. оқу, 17-сурет салу.
7-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Сабақтың ішкі құрылысымен танысу.
Мақсаты: Сабақтың ішкі құрылысын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап, оның қабаттарын бір-бірімен салыстырып зерттеу.
Құрал-жабдықтар: қарағаш, емен, терек ағаштарының 20 см ұзындықтағы жас өркендері, ұлғайтқыш қол әйнегі, ағаштың жуандау (2-3 жылдық) діңінің көлденең кесіндісі (қалыңдығы 5-8 см).
Жұмыстың барысы:
1. Әр түрлі ағаштардың (қарағаш, емен, қайың, терек, тал, т. б. ) жас бұтақтарынан (ұзындығы 20 см) сыртқы қабығының түсіне, қабығын жарып бұртиып шыққан (шұбарланған) жасымықшаларына, оның пішініне көңіл аударып, лупамен қарап суретін салыңдар.
2. Кез келген ағаштың көлденең кесіндісінен сабақтың ішкі құрылысының қабаттарын ажырату. Әр қабаты қанша көлемді алып жатқандығын (калыңдығын) ажыратып, түсіне көңіл аудару. Өзек жасушаларының ерекшеліктерін бақылап көру.
3. Оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.
Нәтижесі: 1) сурет бойынша 2) Бос орындарды толтыр:
Қорытынды: Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.
ҚабықКамбийСүрекӨзек
1. Сабақты жуандатып өсіреді. 2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі. 3. Органикалық заттар қорға жиналады. 4. Су мен минералды заттар қозғалады. 5. Тін талшықтары орналасқан. 6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. 7. Қабық пе
Страницы: << < 35 | 36 | 37 | 38 | 39 > >>