Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  36 | 37 | 38 | 39 | 40  >  >>

н сүректің арасында орналасады. 8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады.
Күні : 31. 10. 2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ 18.
Тақырыбы: Өркеннің көптүрлілігі: вегетативтік және генеративтік, жерүстілік және жерастылық, қысқарған және ұзарған өркендер. Өркеннің түрөзгерістері.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өсімдіктің вегетативті мүшесі – сабақ, оның бойымен қозғалатын органикалық және бейорганикалық заттардың мәнісін, сабақтың түрөзгеріс түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: плакаттар
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Өркендерді жіктеу
Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды
Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.
Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.
Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан.
Қысқарған өреннің буанаралығы жақын орналасқан.
Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.
Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.
Өркендердің түр өзгерістері
Тамыр сабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).

Страницы: <<  <  36 | 37 | 38 | 39 | 40  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: