арда болатын тыныс саңылауларының қызметі?
Үй тапсырмасы. 17 Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылығын салыстыру. Жапырақ құрылысын, жай және күрделі жапырақтар, жапырақтың орналасуының суреттерін салу.
Күні : 30. 10. 2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ 17.
Тақырыбы: Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мақсаты: сабақтың атқаратын қызметін, оның жалпы құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызынғ атқаратын функциясын түсіндіру.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады, ішкі құрылысы бойынша дәлелдеп беріңдер. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?
Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады? Өсу бүршігі мен гүл бүршіктерінің айырмашылықтарын талдаңдар.
Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды, қызметі қандай? Бүршіктер нешеге бөлінеді?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
Сабақ және оның түрлері
Сабақтың ішкі құрылысы
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек.
Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы төрт қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.
Сабақ мынадай қызметтер атқарады:
1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;
Страницы: << < 34 | 35 | 36 | 37 | 38 > >>