ар, елгезек
Қайдасың деп түу саванна,
Жол тартты керік сол мезет.
Арыстан, бұлбұл, түлкі де,
Сауысқан, шымшық, зорман да,
Көбелек, қоян, кірпі де
Жоғалды сіңіп орманға.
Қой, түйе, сиыр, жылқы да
Тапты бір айла-амалды -
Көнді де АДАМ ырқына,
Қораға келіп қамалды.
Өзенге қарай бет алды
Көлбақа ертіп балықты.
Ғарыштан келген қатал да
Ғарышқа кетіп қалыпты.
"Сауат ашқан" аз-ақ күн
Көрікті тоты бұл күні
Күледі екен мазақ қып
Сауысқан, бақа, түлкіні. . .
. . . Бар әлі, достар, сол мектеп,
Қайсың бар оны көрмеген?
Қабырғаларын өрнектеп,
Адамдар қайта жөндеген.
Көремін десең, тек тыңда,
Келіңдер біздің өлкеге.
Кенгуру бүгін жоқ мұнда
Қалтасы толған бөлкеге.
Жоқ мұнда тоты - мақтаншақ,
Тышқан да кітап кемірген.
Бәрі де ойда жоқты аңсап,
Өтіпті кеше өмірден. . .
Сабақты жылан секілді
Қалмайды ешкім есітпей,
Аумай-ақ ұлы екінді,
Келеді бәрі кешікпей.
Алмайды ешкім "екілік"
Болмасын титтей шүбәңіз
Қоспайын тіпті өтірік,
Оқитын онда мына БІЗ!. .
Байбота Серікбайұлы Қошым - Ноғай
(Ескерту: Ертегінің басында курсивпен берілген 2 куплет, ертегінің арасында қайталанып отырады. Ертегінің ұзақ болу себебіне байланысты, қысқартылып тасталды. Бұл куплеттер орнына қойылуы тиіс еді. ).
Жүргізуші: Ертегі тыңдап бір сергіп қалдық қой.
Әліппе: Ендеше мерекені жалғастырайық. Құрметті балалар! Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек.
Ал мынау менің ең сүйікті мақалым: Оқу күрекпен құдық қазғандай / инемен
Мен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін. Бүгін әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай?
Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, м
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>