Алтын ұя мектебім

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

стар, жәндіктер, азын-аулақ сөз білетін ділмар тоты, ғарыштан келген қатал мұғалім және ғажайып мектеп хақындағы ертегі.
Ертеде, ерте, ертеде,
Шөлейтте, не бір орманда,
Бәлки, бір сулы өлкеде
Болмаған, әлде болған ба,
Шындық па, жалған былық па,
Онысын қайдам. . . аң біткен
Оқыпты бірге сыныпта
Құстармен, түрлі жәндікпен.
Ит, қасқыр, сиыр, сауысқан,
Көбелек, түйе, түлкі де,
Көлбақа, балық, тауық та,
Жылқы, қой, жылан, кірпі де,
Шымшық, құрт, тауық, арыстан,
Бозторғай, керік, батбат та
Келеді екен алыстан
Мектепке жазда - аптапта.
Ертемен бұлбұл таң атпай
Сайрайды екен есіліп.
Тасбақа болса, сабаққа
Жүріпті кілең кешігіп.
Кенгуру нанға қалтасын
Келеді екен сықап бір.
Ал тышқан сызып партасын,
Кеміреді екен кітапты.
Түнімен ұшып жапалақ,
Сабақта қалғып-мүлгіпті.
Мұғалім болса қатал-ақ,
Ғарыштан келген бір мықты!. .

. . . Партада бірге отырды
Көлбақа мылқау балықпен.
Алғашқы әріп оқылды,
Ашылды дағы "ӘЛІППЕ"
Ғарыштан келген мықты да
Қолтаңбасымен әдемі
Тақтаға жазып шықты да:
-Оқыңдар, мынау - "А", - деді.
Ит болса мұны: "Р", - деді
"У", - деді қасқыр тұмсығын
Көтеріп алып аспанға
"Ч", - деді орман шымшығы,
Тұтығып тілі, сасқанда.
Кісінеп жылқы: "И", - деді.
Ызыңдап шыбын: "З", - деді.
Бәрі де әріп "үйреніп",
Жайнады бал-бұл жүздері!. .

. . . Мұғалім мінген кәріне,
Түгендеп шығып сыныпты,
Жәндік, аң, құстың бәріне
Былай деп мойын бұрыпты:
- Оқимыз сөзді таза біз,
Сынайын бүгін бар аңды,
Жат жазу енді жазамыз,
Алыңдар қағаз

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: