Алтын ұя мектебім

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15  >  >>

дап жаршы қойғандай,
Жер жүзінің мектебі
Шәкірттерді қарсы алып
Сыныптарға ендірем.
Бітсе сабақ жар салып,
Бәйек болып мен жүрем.
Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ.
2-оқушы: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл, білім үйреткен.
Ана тілін оқимын,
Ерекше зор құрметпен.
3-оқушы: Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламын
Сәулесі де сананың,
Мәнінен ой табамын.
4-оқушы: Ұлтын сүйген баламын
Ұлтым тілі - анамның.
Қазақ тілі - ортақ тіл,
Тілімнен ой табамын.
5-оқушы: Шыңдап күнде мен енді,
Шынықтырам денемді.
Сүйемін ән-күй сабағын,
Суретті сәндеп саламын.
Бәрі/ қосылып/: Білім берген біздерге
Рахмет Сіздерге.
Көркемсөз оқушы: Қоңырау сөзі
Алып менің тілімді,
Ата-анаң да тыңдаған.
Ұмытпайды үнімді,
Мамандар сан мыңдаған.
Өзім - кіші, дәу ісім,
Мұғалім де сыйлайды.
Сыңғырлаған дауысым,
Жалқауларды қинайды.
Айтқан әнім бұл менің,
Сағынарсың кәрі - жас.
Өмір бойы біргемін,
Балғын шағың ұмытылмас!
Жүргізуші: Ал қазір құрметті ұстаздар, сіздер үшін көңілді үзіліске қоңырау соғылады. Сіздерді көңілді байқауларға шақырамыз. Байқауға 2 топ қатысады. Ал енді әділ қазылар алқасын сайлауымыз керек. Олар:
- ең әділ және қатал оқушы
- ең әділ және қатал ата-ана
- ең әділ және қатал мұғалім
/Әділ қазылар алқасы сайланады/.
1-байқау "Бұл не?"
Әр топтан бір адам қатысады. Шарты: Көзі жұмулы қалыпта заттарды қолымен ұстап, атын табу керек.
2-байқау "Тамаша мұғалім"
Топ мүшелері бір-бір па

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: