Алтын ұя мектебім

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

, қаламды.
Мұқият бәрін тыңдаңдар,
Оқиын мен бір сөйлемді.
Асығыстық та қылмаңдар, -
Деп, ұстаз қарап қойды енді.
"Орман да, шөл де - біздікі,
Қырат та, бел де - біздікі,
Өзен де, көл де - біздікі,
Тау, құм, су, жер де - біздікі!. . "
Бірыңғай мүше, шылау бар,
Құрмалас сөйлем әрі бұл.
Сендерге тиіс ұнауға,
Ұнамаса да, бәрібір!. .

. . . Бір шолып шығып маңайды,
"Әліппені" үздік тауысқан
Тотыға үнсіз қарайды
Сұлу да кербез сауысқан.
Үңіліп керік, тышқаннан
Көшіріп алды "сөйлемді".
Қалған жоқ аң мен құстардан
Момақан ғана қой да енді.
Секеңдеп орман шымшығы,
Қарамақ болып тауыққа,
Сұқты да тынды тұмсығын
Байқамай сия сауытқа.
"Бақ-бақ!" - деп жазып жалыққан
Көлбақа мылқау көршісі -
Көшірмек болды балықтан
Бақаның мүлдем ерсі ісі!
"Аспанға бәрің бас и!" - деп
Жазбақшы еді бозторғай,
"До, ре, ми, фа, соль, ля, си" - ден
Аспады қайран жез таңдай!. . "

. . . Мұғалім жүрген жоқ текке,
Тексеріп барлық дәптерді,
Үш күннен кейін мектепке
Өзімен бірге ап келді.
Дәптерін түйе толтырып,
Жазыпты кілең: "Бө-бө!" - деп
Бір сағат бекер желпініп!
Отырыпты ғой көбелек!
Қызарып батбат намыстан,
Сіңген-ді құмға заматта.
Тек қана "А" деп арыстан
Жазыпты бір бет параққа.
Ит, қасқыр, тышқан, сауысқан,
Көлбақа, керік, кекілік,
Піл, аю, балық, тауық та -
Бәрі де алды "екілік".
Өкінгенмен кеш тіпті,
Сиырға тиді оқыра!
Мұғалім жалғыз "бестікті"
Қойыпты ділмар тотыға. . .

. . . Намысы жеңіп табанда,
Жан еді қайс

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: