енің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер.
1. Қына басқа бітеді / тасқа
Білім шашқа бітеді /басқа
2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал
3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле
4. Бір елі ауызға
Бес елі қақпақ / Екі елі
5. Көрмес - шошқаны да көрмес /түйені
6. Өнер алды - ұзын тіл /қызыл тіл
7. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге
Әліппе: Жарайсыңдар балалар! Мына тапсырма ең соңғы тапсырма. Сендердің міндеттерің "Отан", "Туған жер" тақырыбына, мейлінше көп мақал-мәтелдерді еске түсіріп айту. (Көп мақал-мәтел айтқан балаларға жұлдызшалар таратылады)
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңдар. Білімге бай екендеріңді байқаттыңдар.
(Ойын соңында көп жұлдызшаларға ие болған оқырман "Жеңімпаз" аталып, сыйлықпен марапатталады).
Жүргізуші: Міне, осымен біздің ойын-мерекеміз де аяқталып қалды. Құрметті ұстаздар! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Келгендеріңізге көп рахмет!
(Бәрі бас иеді). Хормен "Ұстазым" әнін орындайды.
ҰСТАЗ - АТЫ МӘҢГІЛІК,
ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП!
(Ойын- байқау)
Мерекеге екі топ қатысады. 1 - мұғалімдер, 2 - оқушылар. Әр топ мүшелерінің кішкентай кездеріндегі суреттері, оқу құралдары, "Таза парақ", "сызғыш", "өшіргіш" сөздерін жазуға арналған үлкен әріптер, 2 қалам. Зал кітап көрмесімен, гүлдермен безендіріледі. Мереке сәлемдесумен, құттықтаумен басталады.
1-оқушы: Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. /Оқушылар ұстаздарына арнап өлеңдер оқиды, ән шырқайды, гүл сыйлайды/
Қоңырау сөзі:
"Күміс көмей, жез таңдай,
Үні ашық", - деп мені
Таң
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>