ар қою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетеді. Тараптардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтарды түпкілікті тұжырымдамайды, оларды сұрақ парағына енгізеді және оған қол қояды. Сұрақ парағы алқабилер мен тараптар қатысыпотырған кезде дауыстап оқылады.
Сотталушы жасаған деп айыпталатын әрекеттердің әрқайсысы бойынша:
әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;
бұл әрекетті сотталушының жасағаны дәлелденді ме;
бұл әрекеттің жасалуына сотталушы кінәлі ме деген үш негізгі сұрақ қойылады.
Сотталушының кінәлілігі туралы негізгі сұрақтан кейін кінәлілік дәрежесін арттыратын немесе төмендететін не оның сипатын өзгертетін, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар туралы жеке сұрақтар қойылуы мүмкін. Қажет болған жағдайлалда қылмыстық ниеттің жүзеге асырылу дәрежесі, әрекеттің соңына дейін жеткізілмеуіне әсер еткен себептер, сотталушылардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысу дәрежесі мен сипаты туралы сұрақтар да жеке қойылады. Қойылатын сұрақтар сотталушының қорғану құқығын бұзбаса, сотталушының онша ауыр емес қылмыс жасаудағы кінәсін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар қоюға жол беріледі. Шешуге жататын сұрақтар әрбір сотталушыға қатысты жеке қойылады.
Судьялар мен алқабилер кеңесу бөлмесіне кетер алдында төрағалық етуші алқабилерге жүгінеді. Алқабилерге жүгінген кезде төрағалық етушіге алқабилер алқасы мен судьялар алдына қойылған сұрақтар бойынша қандай да бір нысанда өз пікірін айтуға тыйым салынады.
Төрағалық етуші жүгінуінде:
1. Айыптаудың мазмұнын баяндайды;
2. Сотталушы айыпталып отырған әрекетті жасағаны үшін жауаптылық көзделген қылмыст
Страницы: << < 45 | 46 | 47 | 48 | 49 > >>