ық заңның мазмұнын хабарлайды;
3. Сотталушының айыбын ашатын да, сол сияқты оны ақтайтын да, сотта зерттелген дәлелдемелер туралы еске салады, бүл ретте осы дәлелдемелерге өзінің көзқарасын білдірмейді және одан қорытындылар жасамайды;
4. Мемлекеттік айыптаушының және қорғаушының ұстанымдарын баяндайды;
5. Алқабилерге дәлелдемелерді олардың жиынтығында бағалаудың негізгі ережелерін; кінәсіздік презумциясы принципінің мәнін; сотталушының пайдасына жойылмаған күмәнді түсіндіру туралы ережені; олардың қорытындылары тікелей сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделуі мүмкін екендігі, олар үшін ешқандай дәлелдеменің алдын ала белгіленген күші жоқ, олардың қорытындылары болжамдарға, сондай-ақ сот пайдалануға жол берілмейді деп таныған дәлелдемелерге негізделмеуге тиіс екендігі туралы ережені түсіндіреді;
6. Алқабилер назарын сотталушының айғақ беруден бас тартуы немесе оның сотта жауап бермеуі заң тұрғысынан маңызға ие болмайтынына және сотталушының кінәлілігінің дәлелі ретінде түсіндірілмейтініне аударады;
7. Кеңесу,бюллетеньдерді негізгі мәселелер бойынша толтыру тәртібін, үкім шығару мәселелері бойынша жалпы дауыс беру тәртібін түсіндіреді.
Тараптар сот отырысында төрағалық етушінің объективтілік принципін бұзу себептері бойынша жүгінуінің мазмұнына байланысты қарсылық білдіру құқылы, ол сот отырысының хаттамасына енгізілуге жатады.
Жарыссөздер аяқталғаннан кейін судьялар үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Судьялар мен алқабилерден басқа, кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде төрағалық етуші кеңесу бөлмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
Төрағалық етуші судьялар мен алқабилер кеңесіне басшылық етеді, шешуліге жататын мәселелерді ре
Страницы: << < 46 | 47 | 48 | 49 | 50 > >>