Алқабилер соты

Страницы: <<  <  47 | 48 | 49 | 50 | 51  >  >>

т-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс беруді және дауыстардың есебін жүргізеді. Кеңесу бөлмесінде алқабилер қойылған мәселелерге байланысты өздерінде туындаған түсінбеушіліктер бойынша төрағалық етушіден түсініктер алуға құқылы. Негізгі мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргізіледі. Судьялар мен алқабилердің дауыс беру кезінде қалыс қалуға құқықтары жоқ. Судьялар мен алқабилердің дауыстары тең. Судьялар мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша соттың мөртаңбаны басылып, дауыс беруге арналған: «Өзімнің ар-намысым, ар-ожданым бойынша және ішкі нанымым бойынша менің қорытындым. . . »деген сөздер жазылған, таза бюллетеньді алады. Олардың әрқайсысы құпияны қамтамасыз ете отырып, бюллетеньге сұрақ парағында қойылған және шешілуге жататын сұрақтардың әрқайсысына жауап жазады. Сұрақ парағында қойылған сұрақтардың реті бойынша жауап мақұлдаған «иә» немесе құптамаған «жоқ» деген немесе жауаптың мәнін ашатын міндетті түсіндірме сөзден немесе сөз тіркестерінен тұруға тиіс. Судьялар мен алқабилер өздерінің бюллетеньдерін дауыс беруге арналған жәшікке салады.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің қатысуымен жәшікті ашады және әрбір бюллетеньдегі дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесін сұрақ парағында көрсетілген негізгі үш сұрақтың әрқайсысының тұсына дереу жазады. Алқабилер мен судьялардың жауаптары бар бюллетеньдер қылмыстық істе сақталатын конвертке салынып, желімделеді. Егер алдыңғы сұраққа берілген жауап кейінгі сұраққа жауап берудің қажеттілігін жойса, төрағалық етуші судья алқабилердің көпшілігінің келісімімен сол кейінгі сұрақтың тұсына «жауап берілмейді» деген сөздерді жазады. Егер қойылған негізгі сұрақтардың кез келгеніне берілген құпталмаған жауапқа дауыс берушілердің алтауы және одан да көбі дауыс берсе, ақтау шешімі қаб

Страницы: <<  <  47 | 48 | 49 | 50 | 51  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: