Алқабилер соты

Страницы: <<  <  44 | 45 | 46 | 47 | 48  >  >>

еп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердің сотталушыға қатысты теріс түсінігін туғызатын мән-жайлар зерттелуге жатпайды.
Сот тергеуі аяқталғаннан кейін алқабилердің қатысуымен сот тараптардың жарыссөздерін тыңдауға көшеді. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөздері екі бөліктен тұрады. Жарыссөздердің бірінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен тұрады, олпр сотталушының бұрынғы сотталғандығын еске салмай оның кінәсінің дәлелденуі немесе дәлелденбеуі жөніндегі өз ұстанымдарын баяндайды. Тараптар алқабилер қатысқан соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске салмауға және сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасамауға тиіс. Төрағалық етуші мұндай сөздерді үзіп тастайды және алқабилердің үкім шығару кезінде осы мән-жайларды есепке алмауға тиіс екендігін оларға түсіндіреді.
Жарыссөздердің екінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен тұрады, оларда сотталушының іс-әрекетін дәрежелеу, жаза тағайындау, азаматтық талап мәселелері бойынша ұстанымдары баяндалады. Жарыссөздердің екінші бөлігі алқабилердің қатысуынсыз өткізіледі.
Алқабилер қатысатын сотта сөз сөйленіп болған соң тараптар жарыссөзіне қатысушылардың бәрінің реплика айтуға құқығы бар. Соңғы реплика айту құқығы қорғаушыға тиесілі және сотталушыға соңғы сөз беріледі.
Екінші судьяның қатысуымен төрағалық етуші сот тергеуінің нәтижелерін, тараптардың жарыссөздерін ескере отырып, алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға береді. Тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерінің ескертпелерін айтуға және жаңа сұрақт

Страницы: <<  <  44 | 45 | 46 | 47 | 48  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: