бүгін қайда бардық?
-Орманнан не жинадық?
- Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады екен?
-Кімдерге көмектестік?
Ақтөстің қазіргі көңіл-күйі қандай?
-Қарақат қуыршақпен орманға бардық.
-Саңырауқұлақтарды жинадық.
- Екі бөліктен тұрады.
- Қарақат пен Ақтөске көмектестік.
Балалар өз ойларымен бөліседі.
Күтілетін нәтижелер:
Ұғады: саңырауқұлақты реттілік бойынша кеңістікке орналастыруды;
Түсінеді: саңырауқұлақтың жауыннан кейін өсетінін; күз мезгілінде болатын құбылыстарды;
Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық, таным
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: "Кесені әшекейлейміз"
Мақсаты: сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау; ыдысты әшекейлей білуді үйрету; ою-өрнектерді ажырата білуді үйрету; мәнерлілік элементтеріне тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген сурет бойынша әңгімелеп беру. Өрнек түрлерімен таныстыру.
Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Динара.
Билингвальді компонент: қызғалдақ-тюльпан, кесе-пиала.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғалыс
Жылулық шеңбері.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Үйге қонақ келгенде:
"Сәлеметсіз бе!". деп,
Амандасып аламыз.
Балалар шеңберге тұрып тәрбиешініің іс-әрекетін қайталайды.
Ұйымдастыру-іздест3ру
-Балалар, біреу есік қаққан сияқты, ашамыз
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>