биешінің сұрақтарына жауап береді.
- Балапан үш бөліктен тұрады. Түсі сары.
- Көгалда серуендейді.
-Үш балапан серуенде жүр.
Балалар педагогтің айтқан рақметіне қуанады.
Күтілетін нәтижелер:
Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;
Түсінеді: балапанның жұмыртқадан шығатынын;
Қолданады: балапанның ден мүшелері туралы түсініктерді.
Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық, таным
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: "Тышқан іні"
Мақсаты: жануарлар туралы білімдерін нақтылау; тышқанның мекені туралы түсінік беру; тышқанның дене бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін қалыптастыру; жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: тышқан туралы суретке қарап әңгіме құрастыру. Тышқанның өзіне тән ерекшелігі туралы әңгімелеп беру.
Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, мысық пен тышқанның дыбыс жазбасы.
Сөздік жұмыс: тышқан іні.
Билингвальді компонент: тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғалыс
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, асыл күн!
Амансың ба, асыл жер!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, меннің қолым.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап-күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарына байланысты қимыл- қозғалыстар жасайды.
Ұйымдастыру
іздес
Страницы: << < 21 | 22 | 23 | 24 | 25 > >>