r/>-Сендер "татулық"деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3. Әңгімелеу: "Піл мен маймыл" ертегісі.
-Үкі неліктен піл мен маймылды алмаға жұмсады?
-Достар көздеген мақсаттарына қалай қол жеткізді?
4. Дәйексөз: "Татулық-табылмас бақыт"
-Татулық бар жерде бірлік те,қуаныш та болады.
"Татулық-табылмас бақыт" деген нақыл сөз осыдан шықса керек.
5. Ойын: "Көкпар" қимылды ойын.
Шарты:балаларды екі топқа бөлу. Ағаштан жасалған аттарға мінгізу. Топ ортасында көкпар тарту үшін орамал әкеліп тастайды.
6. Ғажайып сөздер:
-Дүниеде ең қымбат-татулық.
-Біз тату доспыз.
7. Қортындылау
-Біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық. Татулық бар жерде достықтың,бірліктің,сыйластықтың болатынын білдік.
8. Жүректен жүрекке.
-Е. Өтетілеуұлының өлең жолдарын қайталау:
Достар тату- тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.
-жылы сөз айту.
-балалардың жауаптары тыңдалады.
-қайталайды.
-кезектесіп ойнайды.
-ғажайып сөздерді қайталайды.
-сұрақтарға жауап беру.
Білу: "татулық" туралы түсінік алу.
Игеру:бір-бірлеріне әрқашан қамқор болу керек екенің түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Бәрі де татулықтан басталады.
Мақсаты: "жақсы көру", "сүйіспеншілік" ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1. "жақсы көру", "сүйіспеншілік" ұғымдары туралы түсіні
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>