Зат есім

Страницы: <<  <  72 | 73 | 74 | 75 | 76  >  >>

амдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Осыдан кейін сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін бөлігі түбір деп, ал түбірге қосылған бөлігі қосымша деп аталатыны айтылады.
2-жаттығу. Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып оқы.
Суретші, дәріхана, өнерлі, қалалық, достық.
3-жаттығудасөздерге жақшаның ішіндегі тиісті қосымшаны жалғап жазады. Осы жерде сөздер жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болатынына көңіл аударған дұрыс.
Мен ғарышкер боламын.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын. . .
Мен ғарышкер боламын!
4-жаттығудатүбір сөздерді тауып жаттығады. Түбір сөздің белгісін қойып үйренеді.
5-жаттығудабір сөздің бірнеше түрлі өзгеруімен таныса отырып, қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыру үшін түрленіп жалғанатынын байқаулары тиіс. "Түбір мен қосымша" тақырыбына берілген сабақтардың жоспарын сынып оқушыларының деңгейіне қарай мұғалім өз қалауынша құра алады.
Жаңа сабақты қорыту.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ.
Сабақтың мақсаты: жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру; сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықты анықтау. Сабақ бойы осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкін жағдайларды қарастыру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: а) алдымен негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтын

Страницы: <<  <  72 | 73 | 74 | 75 | 76  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: