r/>
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі мағыналы сөздер. (62сабақ)
Сабақтың мақсаты: сөздерді бірнеше мағынасы бойынша ажырата білуге үйрету; сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыландыру; сөзді өз орнында колдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Қарама-қарсы мағыналы және мәндес сөздер бойынша алған білімдерін тексеру. Мынадай тапсырмалар беруге болады.
1. Мәндес сөздерді тап.
Бұлыңғыр күн, кір, алыс, айсыз түн, әдепті, тіршілік, қашық, бұлтты, лас, қараңғы, ізетті, өмір.
2. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.
Қайталау сабағы.
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді тап, түсіндір.
Негізгі дәм сезімі төрт түрлі болады: ащы, тұщы, тәтті, қышқыл. Жылқышы - сулы жерде өмір сүретін, тұмсығы ұзын және төмен қарай иілген, сұрғылт түсті құс. Дастарқан үсті дәмге толы. Әлидің жылқышы ағасы ауылдан келді.
2-жаттығудаүй сөзінің екі түрлі мағынасы түсіндіріледі. Үй - адамдардың баспанасы. Үй - құмды, топырақты үю.
3-жаттығу түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуге үйрету мақсатын көздейді. Алдымен оқулықтың соңында берілген түсіндірме сөздіктен баспа, мақта сөздерінің мағыналарын тауып оқиды. Ол сөздердің бірнеше мағыналары бар екенін көреді. Осы сөздерді әртүрлі мағыналарда жұмсап, сөйлемдер құрастырады. Содан кейін мүмкіндік болса түсіндірме сөздіктің өзімен жұмыс істеуге болады. Оқушылар түсіндірме сөздіктің қызметімен танысады. Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасының бай екеніне көздері жетеді.
4-жаттығу бойынша дыбысталуы бірдей сөздерді тауып, түсіндірме сөздік арқылы немесе өз беттерінше түсіндіреді. Жеңіл - салмағы жоқ. Жеңіл - біреуден күресте, т. б. жеңілу. Көрші - ірге
Страницы: << < 65 | 66 | 67 | 68 | 69 > >>