Зат есім

Страницы: <<  <  64 | 65 | 66 | 67 | 68  >  >>

баспанасы. Үй - құмды, топырақты үю.
3-жаттығу түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуге үйрету мақсатын көздейді. Алдымен оқулықтың соңында берілген түсіндірме сөздіктен баспа, мақта сөздерінің мағыналарын тауып оқиды. Ол сөздердің бірнеше мағыналары бар екенін көреді. Осы сөздерді әртүрлі мағыналарда жұмсап, сөйлемдер құрастырады. Содан кейін мүмкіндік болса түсіндірме сөздіктің өзімен жұмыс істеуге болады. Оқушылар түсіндірме сөздіктің қызметімен танысады. Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасының бай екеніне көздері жетеді.
4-жаттығу бойынша дыбысталуы бірдей сөздерді тауып, түсіндірме сөздік арқылы немесе өз беттерінше түсіндіреді. Жеңіл - салмағы жоқ. Жеңіл - біреуден күресте, т. б. жеңілу. Көрші - іргелес қоныс тепкен адамдар. Көрші - бір затты көру. Бұл жерде сөздер екі түрлі мағына берумен бірге бірінің заттың атын, екіншісінің заттың қимылын білдіретінін байқауға жетелеу.
жеп-жеңіл - білімді - . . . сауатсыз - . . .
ақылды -- ащы - . . . тікенді - . . .
5, 6-жаттығулар да жаңа сабаққа байланысты білімдерін тереңдете түсуге арналған.
Осы тақырыпқа берілген екінші сабақта да бірнеше мағыналы сөздердің мән-мағынасын аша түсуге арналған жаттығулар беріледі. Екінші сабақта тапсырмалардың көп бөлігін оқушылардың өз беттерінше орындауына көңіл бөлген дұрыс. Сондай-ақ сөздер тек екі мағынада ғана емес, бірнеше мағынада да қолданылатынына көздерін жеткізу.
Жаңа сабақты қорыту.
Ою, шоқы, тоқы, ата, жақ сөздерінің бірнеше мағыналарын анықтауды тапсыру. Мағыналарын анықтау қиындық келтірсе, түсіндірме сөздікке жүгінген жөн.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
4-жаттығу. 105-бет.
ҮІІ. Бағалау.


















Страницы: <<  <  64 | 65 | 66 | 67 | 68  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: