Зат есім

Страницы: <<  <  54 | 55 | 56 | 57 | 58  >  >>

пысықтау мақсатында қойылатын сұрақтар:
1. Лепті сөйлем дегеніміз не?
2. Лептік сөйлем қандай мағынаны білдіреді?
3. Лепті сөйлем қалай оқылады?
4. Лепті сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Сондай-ақ оқушылар лепті сөйлемді мәнерлеп оқу, мәтіннен лепті сөйлемді табу, лепті сөйлемдерді дұрыс жазу, лепті сөйлемдерді хабарлы немесе сұраулы сөйлемдерге айналдыру тәрізді тапсырмаларды орындау арқылы білім-білік дағдылары қалыптасады. Сабақта ұнтаспаны пайдаланып, лепті сөйлемдерді дауыс интонациясын дұрыстап келтіріп оқуды үйретуге болады.
V. Үйге тапсырма беру.
5-жаттығу беріледі.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. (50сабақ)
Сабақтың мақсаты: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастыр. Сөйлем құрастыру үшін не істедің?
Өсімдіктер, өседі, жайқалып. Ғарышкерлер, әлемін, аспан, зертейді. Ана тілін, құрметтеу керек, әрбір, адам. Жусан - , иісті, жұпар, өсімдік. Біздің, шежірелі, жерлер, елімізде, көп.
2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой.
Балалар тоғайға барды. Әсет адасып қалды. Балалар үйлеріне қайтты. Олар болған жайды Әсеттің анасына айтты. Анасы Әсетті тоғайдан тауып алды. Анасын көрген Әсет қатты қуанды.
3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сөйлемдердегі сөздердің байланысын гі бойынша сұрақ қойып анықта.
Үлгі: балалар циркке барды.
oo Балалар не істеді?
oo Балалар барды.
oo Қа

Страницы: <<  <  54 | 55 | 56 | 57 | 58  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: