Зат есім

Страницы: <<  <  126 | 127 | 128 | 129 | 130  >  >>

. Кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде мекендейді. Өнерпаздар жұмысшыларға концерт қойды. Суретші Әбілхан Қастеев мұражайы бар екенін білесің бе?
Өзің кім? кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді қатыстырып, екі-үш сөйлем құрастырып жаз.
3-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек көшіріп жаз.
Төбешік, қоңыраугүл, жұлдызшы, кітаптар, күнтізбе, зейнеткер, құмыралар, жаңылтпаш, бөдене, жылғалар, ошақ, құмырсқалар.

4-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрастырып жаз.
Мәтін сөйлемдеріндегі зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қой. Сен өзің үйде қандай еңбек түрімен айналысасың?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Жалпы есім және жалқы есім
Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.
Томарды Омар қопарды.
Омар томарды қопарды.
М. Өлімбай
Жалқы есімді тауып, астын сыз. Жалқы есімге бірнеше мысал көлтір.
2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Бүгін мектепте ертеңгілік өтті. Ертеңгілік халықтар достығына арналды. Өйткені біздің елімізде көптеген ұлттар тату-тәтті тұрады.
Мерекеде оқушылар өнерлерін көрсетті. Асқар қазақ тілінде өлең оқыды. Иван орыс тілінде ән шырқады. Хасан Әзиза өзбек биін биледі. Ертеңгілік қызық болды.
Мәтіннен жалпы есімдерді бір бөлек, жалқы есімдерді бір бөлек жаз.
Сенің сыныбыңда қандай ұлт өкілдері оқиды?
3-ж

Страницы: <<  <  126 | 127 | 128 | 129 | 130  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: