йым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
2. Заңды тұлға - мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық -- құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
Құқық қабілеттілік дегеніміз - бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мү
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>