ксикалық талдау жасай алуы;
8. лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана, т. б. білуі;
9. фонетиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
10. фонетикалық ұғымдардың мәнін;
11. сөз құрамындағы дыбыстардың түрлерін және олардың жіктелуін;
12. үндестік заңы туралы ұғымдарды;
13. буын мен екпіннің түрлерін;
14. орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды;
15. қазақ әліпбиінің құрамын, ретін;
16. сөйлемге фонетикалық талдау жасай білуі;
17. сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
18. сөздердің жасалу тәсілдерін және олардың жасалу жолына қарай жіктелуін;
19. мәтіннің құрылымын ажыратып, мәтіннің жанрлық белгілерін анықтай білуі;
20. оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айта білуі;
21. тақырыпқа сәйкес жоспар жасап, мәтін құрай білуі тиіс.
Тұлғалық нәтиже 5-сынып оқушыларының:
22. Қазақстан Республикасы Конституциясына құрмет көрсетуінен;
23. тілдің әлеуметтік-қоғамдық мәнін көрсетуінен;
24. тілді ұлттық құндылық ретінде тануынан;
25. жаңа әлеуметтік рөлдерді игеріп, қарым-қатынас мәдениетін көрсетуінен;
26. рухани-адамгершілік, азаматтық-елжандылық өмір салты қажеттіліктерін игеруінен;
27. құндылық ретінде өзі туралы және басқа адамның тұлғасы туралы ұсыныстар жүйесін меңгере білуінен;
28. қоғамдағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылығын көрсетуінен;
29. қазақ халқына және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа да құндылықтарына құрмет көрсетуінен көрініс табуы тиіс.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-сынып оқушылары:
1) нақты жағдаятқа талдау жасап, проблеманың пайда болу себептерін көрсетуі;
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>