үйіндеме Сабақты қорытындылау мақсатында түйінсөз оқылып,талдау жасалынады.
Жүректен жүрекке Оқушылар сабақтан алған әсерлерін өлең жолдарыиен түйіндеп,сабақты аяқтайды.
Өзін- өзі тану 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамның жан сұлулығы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;
Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту;
Жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.
Шаттық шеңбері Оқушылармен амандасып,олардың көңіл-күйін көтеу,ынтасын арттыру және сабаққа әзірлеу мақсатында Ш. Қалдыаяқовтың «Балдырғандар»әнін қосылып айту,шаттық шеңберін өткізу.
Әңгімелесу Оқулықта «Ойланайық,пікірлесейік»айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысу:
Әдемілік,сұлулық деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба?
Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер?
Адам сұлулығын қандай ісінен байқауға болады?
Мәтінмен жұмыс «Сұлулық сыры»атты мәтінді оқу.
Сахналау Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау»айдарымен берілген диалогті сахналауды ұсыну.
Дәйексөз Виктор Гюгоның «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек»деген дәйексөзінің мағынасына мән беріп,түсіндіру.
Тыныштық сәті Оқушылардың сәл тыныстап,алған білімдерін жинақтап өздерінің ой таразысына салу мақсатында тыныштық сәтін өткізу.
Жаңа ақпарат Жаңа ақпараттағы «Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті ғана емес жан сұлулығына байланысты»деген сөздерді оқушыларға түсіндіру.
Дәптермен жұмыс 1,2,3-тапсырмаларды орындау.
Жү
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>