Қызға нәзіктік ұлға батылдық

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>

шу үшін еңбектенді?
Табиғатты аялаудың мәні неде?
Өздеріңнің ерекше жақсы көретін жерлерің бар ма?Қандай?
Дәйексөз
-Табиғаттың адамға берер сыйы ұшан-теңіз; таза ауа, мөлдір су, қанатты достар, жасыл желек, сан алуан түсті хош иісті гүлдер , тазалық, сұлулық,әдемілік. Осы табиғат сыйын тек табиғатты аялап,сүйе білген, табиғатқа аялы қарым-қатынас жасаған адам ғана түсінеді,сезіне алады.
Сондықтан да белгілі ғалым Ш. Уалиханов:
«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік,жанға жайлы бір нәрсе бар»- деп тегін айтпаған.
Тапсырма
Оқулықтағы табиғаттың мезгілдері жайлы берілген өнер туындыларын оқушы назарына ұсыну.
Оқушылар осы суреттер арқылы өздеріне ұнаған көріністі таңдап, сурет бойынша әңгімелеу барысында табиғат ананың төрт баласы саналатын жыл мезгілдерінің өзіндік сұлулығымен,әсемдігімен,табиғат ерекшелігімен көз тартатынын ұғынады.
Сахналау
Табиғат пен адамның бір-бірімен байланыстылығын ашу және табиғат құпияларын түсіне білуге қызығушылықтарын ояту мақсатында данышпан қарт пен жас бала арасындағы әңгімені оқушыларға сахналату.
Шығармашылық жұмыс
«Табиғат не үшін қажет?»
1. Ғалым;
2. Дәрігер;
3. Суретші;
4. Диқан;
«Түрлі мамандық иелерінің» пікірлерін тыңдай отырып, табиғат пен адамның үйлесімді өмір сүретініне оқышылардың назарын аударту.
Дәптермен жұмыс
Табиғат құпиясын тереңірек түсіну үшін және оқушылардың өз пайымдауларын жасату мақсатында дәптердегі 1,2,3-тапсырмаларды орындауды ұсыну.
Жүректен жүрекке
Оқушыларды шеңберге тұрғызып, сыныптас достарымен қол ұстасып, алған білімдерін қорытындылаумақсатында табиғатқа деген жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастыру. «Табиғат-анамыз» әнімен сабақты аяқтау.
Табиғат-анамыз
Сөзі Н. Жанаевтікі
Әні С. Қараевтік

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: