лділіктің бір-бірімен байланысты екенін түсінуіне көмектеседі.
Кеңпейілділік дегенді ұғымды қалай түсінесіңдер?
Қандай адамды кең пейілді деп айтамыз?Неліктен?
Адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?
Дәйексөз
Оқушылардың әңгімелесуден алған түсініктері дәйексөзді талдау барысында түйінделеді.
«Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан шығатынын білгін»
«Кабуснама»
Жаңа ақпарат
«Жаны жомарт,қолы ашық, кең пейілді адам өз ортасында сыйласымды,жарасымды өмір сүреді» деген сөздерді оқушылардың жете түсінуіне көңіл бөліп, әр адамның жақсы өмір сүруі үшін де осы қасиеттердің қажет екеніне назар аударту.
Тапсырма
Оқулықтағы тапсырма оқушыларға қайырымдылық және жомарт дағдыларын қалыптастыру мақсатында берілген. Ш. Құдайбердиевтің «Атымтай жомарт» әңгімесіндегі Атымтай – жомарт, ал мәтіндегі Атымтайға кездескенадам- «Адал еңбекпен қатын -баласын асырап, артылған еңбегімен өзінен төменге жәрдем қылып жүрген қайырымды адам»
Түйіндеме
«Ақкөңілділік, жайсаң мінезділік, дарқандық, мырзалық жомарттықты білдіреді. Адамның кеңпейілділігі риясыз жақсылықтар мен игі істерден көрінеді. Мырзалық,қолы ашықтық, дарқандық,кеңдік, молқолдылық жомарттықты білдіреді. Адамның жомарттығы бір адамның екінші адамға қайтарымсыз, міндет етпестен қызмет қылып,жақсылық жасауға кеңпейілділігінен, нақты ісінен көрінеді. Жомарт болу үшін дүние дәулеттің мол болуы шарт емес»
Дәптермен жұмыс
Сабақтан түйген ойларын бекіту мақсатында дәптерде берілген 1,2-тапсырмаларды орындату.
Жүректен жүрекке
Оқушыларды бір-біріне қолынан ұстатып,шеңбер құрғызып,Қ. Ыдырысовтың «Ризамыз» әнімен аяқтауға шақыру.
Ризамыз саған біз
Қ. Ыдырысов
Күнде шат күліп күн-
Өмі
Страницы: << < 28 | 29 | 30 | 31 | 32 > >>