ашу және оның адамның адамгершілік тұрғыда қалыптасуына әсері туралы мағлұмат беру;
Оқушылардың өз сөзіне,өз әрекеттері мен мінез-құлқына баға беріп,өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау;
Сабақ барысында материалдарды талдай отырып,сөз құдіреті,уәдеге берік болу жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы ,ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге жиналып, «Жас ұлан» атты әнді орындайды.
Жаңа ақпарат
Өзінің ойына,айтқан сөзіне,іс-әрекетіне берік адам өзін,өзгені сыйлайды және сенімге ие болады. Ой мен істің бірлігі іс-әрекетте көрінеді. Ізгі ниет,ақ көңілмен берілген сөз-жақсы істің бастауы.
Тапсырма
Ш. Құдайбергенұлының өлеңін оқып,сұрақтарға жауап беру.
Мәтінмен жұмыс
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында «Аманат»атты аңыз әңгімемен таныстыру.
Әңгімелесу
Сөз беру үшін нені ескеру қажет?
Сөз берген кезде адамның қандай ниеті болуы керек?
Ойланбай берген уәдең үшін өкініп қалған кездерің болды ма?
«Жақсы сөз-жарым ырыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Тапсырма
Бір апта ішінде өзіңе, өзгелерге берген уәделеріңе талдау жасап,олардың орындалуы жөнінде шағын әңгіме жазу.
Дәптермен жұмыс
Сабақтан түйген ойларын бекіту мақсатында дәптерде берілген 1,2-тапсырмаларды орындау.
Жүректен жүрекке
Балалар орнында отырып,оқулықта ұсынылған Қ. Нақысбековтың өлең жолдарын оқып шығады да,бір-біріне,мұғалімге жылы тілектерін айтады.
Дүние- теңіз тербесін толқын болып, Халқыңның дәстүрінен өнеге ал,
Тулатқан тіршілікке серпін беріп. Айдынға бастайтын ол кеме болар.
Сөзіңде тұр,уәде берсең әр-уақытта, Кеуде ұрып,өзіңді-өзің дәрі
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>