r/>Айтарыңды алдымен ойланып ал.
Асығыс іс істеме,сөз сөйлеме,
Мінездің көк суын төк,қаймағын ал
Өзін- өзі тану 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз іспен көрікті.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
«Сөз іспен көрікті» деген сөздің мағынасын ашу және оның адамның адамгершілік тұрғыда қалыптасуына әсері туралы мағлұмат беру;
Оқушылардың өз сөзіне,өз әрекеттері мен мінез-құлқына баға беріп,өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау;
Сабақ барысында материалдарды талдай отырып,сөз құдіреті,уәдеге берік болу жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы ,ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрып,күйтабаққа қосылып Ғ. Жандыбаевтың «Жас ұлан» атты әнін орындайды.
Әңгімелесу
Әңгіме жүргізудегі мақсат-оқушылардың берген уәдені орындау,адамдарға қажеттілігін түсіне білу,өз әрекеттерін бағалап,талдай білу қабілеттерін анықтау.
Өз сөзіне берік болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Біреуге берген уәде орындай алмаған кезде қандай сезімде боласыңдар?
«Сөз бен істің бірлігі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқулықта берілген А. Йүгінекидің «Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен» деген нақыл сөзімен таныстыру.
Мәтінмен жұмыс
И. Тоқаштың «Уәдешіл Алтай» атты әңгімесімен таныстыру. Әңгімені ұсынудағы басты мақсат-адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағалай білуге үйрету.
Жүректен жүрекке
Оқушылар бір-біріне ,ізгі тілектер мен жақсы сөздер айтып,сабақты аяқтау.
Өзін- өзі тану . 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз іспен көрікті.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
«Сөз іспен көрікті» деген сөздің мағынасын
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>