Қызға нәзіктік ұлға батылдық

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

птеме,
Жігіт бол орындайтын сертін берік. . . Жұрт өзі керектісін елеп алар.
Өзін- өзі тану . 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қызға нәзіктік,ұлға батылдық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;
ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым-қатынастарын кеңейту;
ұлды батылдыққа,қызды нәзіктікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге жиналып,сбақты «Балалық» атты әнімен бастау.
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ә. Хасенованың «Неге ұялады?» атты әңгімесін оқып беру.
Дәптермен жұмыс
Оқушылар дәптерде берілген адамгершілік қасиеттерді үш бағанға бөліп толтыра отырып,ұлдарға тән қасиеттердің,қыздарға тән қасиеттердің қандай болатынын саралайды. Ал екеуіне де тән адамгершілік қасиеттердің барлық адам бойында болуы қажеттігін түсінеді. Тапсырманы қорытындылау мақсатында оқушыларға «Қыздар сұлу көрінер. . . » және «Ер жігітке жарасар. . . » тақырыптарына қалауы бойынша шығарма жазу тапсырылады.
Дәйексөз
Оқушылардың гендерлік түсініктерін тереңдету мақсатында қазақтың ділімен ұштасып жатқан халық мақалымен танысуды ұсыну: «Озар елдің қызы мінезді,ұлы өнерлі келеді». «Мінезді қыз», «мінезге бай» деп қандай адамдарды айтамыз?Мінезі жақсы қыз бен өнерге бай ер бала өз елінің болашағына,халқының келешегіне,мемлекеттің беріктігіне қалай ықпал етеді?-деп сұрақтар қою арқылы адами қарым-қатынас,жақсы мінез-құлықтың қоршаған әлемге ықпалы туралы оймен қорытынды жасау.
Сахналау
Ер балалар мен қыз балалардың мінез-құлықтық ерекшеліктері туралы оқушылардың түсініктерін анықтау мақсатында оқулықта берілген диалогты оқып,талдау жасауды ұсыну.

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: