Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып,бір-бірінің өздеріне ұнайтын мінездері туралы айтады.
Өзін- өзі тану . 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қызға нәзіктік,ұлға батылдық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;
ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым-қатынастарын кеңейту;
ұлды батылдыққа,қызды нәзіктікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге жиналып бір-біріне тілек айтумен шаттық шеңберін өткізеді. Ұл баланың қыз балаға немесе керісінше,тілек айтуы балалардың достық қарым-қатынастарының қалыптасуына көмектеседі.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың шынайы да адал достық туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында С. Сарғасқаевтың «Жаймашуақ» атты әңгімесімен таныстыру.
Әңгімелесу
Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?
Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды?Ұлдарды ше?
Қыздар мен ұлдардың арасында түсінбеушілік болуы мүмкін бе?Неліктен?
Қыздар мен ұлдардың арасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?
Жаңа ақпарат
Қыз балаларға- табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық,ер балаларға батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе,олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.
Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік,келісім және сыйластықтан басталады.
Шығармашылық жұмыс
Сабақты қорытындылап,оқушылардың түсініктерін бекіту мақсатында шығармашылық жұмысты үйде орындап келуді тапсыру.
Жүректен жүрекке
Сабақ соңында балаларға ерлігімен,атағымен даңқы шыққан халқымыздың ұл-қыздарын мысалға келтіріп,айта отырып,сабақты «Қазақ қызы» әнімен аяқтауды ұсыну.
Күні: 22. 01. 14 ж.
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>