Қызға нәзіктік ұлға батылдық

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

өзгереді?
Жүректен жүрекке
Оқушылар бір-біріне ізгі тілектер мен жақсы сөздер айтып,сабақты аяқтайды.
Өзін- өзі тану . 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Сөзді түсіне білусөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Шаттық шеңбері Оқушылар бір-біріне тілектер айтады.
Жаңа ақпарат
Тыңдай білетін және өзіңді түсіне алатын адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді,жағымды әсер етеді. Адам сөзді есту,тыңдау арқылы шебер болады. Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп,туралықты айту адам жанының тазалығын көрсетеді. Мәдениетті адам не айту керектігін алдын ала ойланып алады.
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың жаңа ақпаратта айтылған негізгі ойды «Не айтатыныңды ойлап ал» деген үнді аңызын оқу арқылы жалғастыру.
Шығармашылық жұмыс Оқушылардың өз пайымдауларын білу үшін шығармашылық жұмыс ұйымдастыру:
«Сөйлеу әдептері» мәтінді оқып,дұрыс сөйлеу ережесін ұйымдастыру.
Дәйексөз. «Сөз қадірін білмеген,өз қадірін білмейді» деген халық мақалының мағынасын түсіндіру.
ТапсырмаБерілген нақыл сөздерді оқып,өздеріне ұнағанын таңдап,мағынасын түсіндіру. Оқушылардың сөз туралы,сөздің құдіреті туралы және сөздің қарым-қатынас құралы ретінде қолданылу жолдары жөнінде үйренгендерін білу мақсатында оқулықта берілген тапсырманы орындау.
Дәптермен жұмыс Сабақтан түйген ойларын бекіту мақсатында оқушыларға дәптерде берілген 2-тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады.
Жүректен жүреккеОқушылардың сабақты Қ. Нақысбековтың өлең жолдарымен қорытындылайды.
. Нақысбеков.
Адамдар бар жөн-жосықсыз сөзге құмар,

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: