Қызға нәзіктік ұлға батылдық

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

н жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін сөзі:. О. Сүттібаевтың , әні:Ә. Сүлейменовтың «Әкем-әнім» әнін айтумен аяқтайды.
Өзін- өзі тану 5-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
СӨЗДІ ТҮСІНЕ БІЛУ,СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ;
Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілігі Ш. Әбілтаевтың «Бір ауыз сөз» әні жазылған үнтаспа.
Шаттық шеңбері
Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың сөз өнерін түсіну мақсатында Қ. Салықовтың сөзіне жазылған,Ш. Әбілтаевтың «Бір ауыз сөз» әнін айтуды ұсыну.
Әңгімелесу
Оқушылардың қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту мақсатында берілген сұрақ бойынша әңгімелесу әдісін ұйымдастыру:
Адамдармен қалай тез тіл табысуға болады?
Бейтанас адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап,қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?
Жақындарың мен достарың сені түсіне ме?
Өзіңді ешкім түсінбеген жағдайда қалай сезінесің?
Мәтінмен жұмыс
М. Жұмабаевтың «Сөз және мағына» атты мәтінін оқу.
Дәйексөз
І. Омаровтың «Сөзді бағалау,сөзге тоқтау,сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі» деген сөзімен дәйексөздің мағынасын түсіндіру.
Жағдаяттарды талдау
Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыру мақсатында жағдаяттарды талдау ұсынылады.
Тапсырма
Сабақ тақырыбын аша түсу мақсатында оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың қазақ халқының сәлемдесу салты туралы пікірін оқып,сұрақтарға жауап беру.
«Сәлем-сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сәлемдесу кезінде адамдардың бір-біріне деген ықыластары қалай

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: