Қызға нәзіктік ұлға батылдық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Өзін- өзі тану 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзімді-өзім танумен, өсіп келем
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушылардың «Өзін-өзі тану»пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып,өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;
Оқушылардың өмірдегі ұстанымын,болашағын анықтауына,оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып,адамның қайталанбас тұлға екндігі туралы түсініктерін дамыту;
Әр адамның қайталанбас тұлға екндігін есте тұта отырып,өзін-өзі түсіну,өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;
Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі-халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
Мақсаты: Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.
Шаттық шеңбері Жаңа сабақ тақырыбын жариялап,оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру. Барлығы қосылып Ж. Қалжанованың «Шаттық шеңбері» өлеңін оқу.
Ойын «Таныс болайық». Шаттық шеңберін одан әрі жалғастырып, «Таныс болайық» ойыны ойнатылады.
Әңгімелесу Оқулықта «Ойланайық,әңгімелесейік» айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізіледі:
Біз «Өзін-өзі тану» пәнінен не үйрендік?
Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?
Өзін-өзі тануды «сарқылмас қазына»деуге бола ма?Неліктен?
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген «Таным тағылымы» атты мәтінді оқып,сұрақтар арқылы талдау.
«Алыстан көруге үйренді»днгнді қалай түсінесіңдер?
«Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?»Неліктен?
Қай данышпанның тағылымы табандылыққа,болашақты болжауға үйретеді?
Жаңа ақпарат Жаңа ақпарат нақтылы тұжырымдама жасау үшін беріледі. Оқулықта ұсынылған түйіндемені оқып,жетекші сұрақтар арқылы талдау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: