қыздарымыздың жолын берсе дейміз. Әрбір қыз бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйренсе, болашақта ол қыздарымыздан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Баяндама бойынша сұрақтар:
Аборт дегеніміз не?
Неліктен қыз балалар мүндай жағдайға душар болады?Негізгі фактор қандай?
Осындай түзу жолдан тайған қыздардың келешегі қандай болмақ?
«Қазіргінің қыздары. . . » өлеңін 9 «В»класс оқушысы Орынтай Гүлзат мәнерлеп оқиды.
Пікір алмасу кезеңі:
Айқын апай: Халқымыздың «Ойнасаң да, ойлап ойна» дейтін сөзі бар. Кейде «Ойыннан от шығады» деп, қатал ескертеді. Осылардың бәрі ер балалардың кейбір ерсі қылығынан туындайды. Ерсі қылық көбіне ұятқа қалдырады. Ал қыз балалардың ұяты тек абырой сақтаумен шектелінбейді, ар сақтаумен де байланысты. Қыздарымыз – ел намысы, ел ары, ел гүлі. Кейде қазағым: «Туған жер үшін күрес – ұлға тиген үлес, ар үшін күрес – қызға тиген үлес», - деп түйіндейді. Арлы болу – жарлы болу деген емес, байлықтың нағыз қайнар көзі. Әсіресе, қыз бала арлы болуды ару болған анасынан тағылымдайды. Өзін жат жұрттыққа балаған қыз бала барған жерінде бағалы болуын ерте-ақ ойлануы керек. Қыз баланың байлығы – арын аяққа баспау, намысын сақтау; солардан кейін ғана ождан байлығы өзінен-өзі келеді, абырой-атаққа тезірек ие болады.
Тымар апай: Кейбір жігіттер «сен менің ақыл-есімді билеп алдың» деп, «сенен басқаны сүйе алмаймын» деп, қыз жүрегіне от тастап, сенімдеріне кіруге тырысады. Қыздың өзін құлай сүйетініне көзі жеткендер «айтқаныма көнбесең, бұдан былай сені көрмеймін» деп «қорқытуы» да мүмкін. Алаяқ жігіттер өз дегенін істейтін қыздарды тез таниды. Олардың әсіресе ұяң мінезді, қатты қарсылық жасай алмайтын,
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>