Қыз-ұлттың ұяты

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>


Гүлжан апай,10 «Б» класының класс жетекшісі: Қыздарға тән тазалық мәселесі Исламда көтерілген. « - Пайғамбарымыз тазалықтың маңыздылығы жайлы былай дейді:
«Тазалық иманның жартысы». «Аллаһ тазалықты жақсы көреді». Ислам ғалымдары Құран мен хадистерге қарап тазалықты төртке бөледі:
1. Дене, киім мен намаз оқитын жердің ластықтан тазаруы.
2. Ғайбат, харам жеу, қиянат жасау т. б. күнәлардан тазалау. Бұл тақуа
жандардың иманын аттыру арқылы тазалану түрі.
3. Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, дұшпандық секілді жаман
аурулардан тазаруы. Олардың орнын кішіпейілділік, тәубе, сабыр, үміт, сүйіспеншілік секілді көркем сипаттармен толтыру.
4. Жүректің Аллаһтан басқа өзге нәрседен тазалануы. «Ләә иләһә иллаһ»
(Аллаһтан басқа тәңір жоқ) тәухид сөзінің жүректен толық орын алуы.
Жоғарыда аталғандардың барлығы бойжетен қыздарымызға да қатысты. Дене тазалығы мен рухани тазалықты ұштастырған жағдайда ғана бойжеткен қыздарымыз келбетіне мінезі сай қазақтың нәзік те сымбатты, иманжүзді, пайымы мен парасаты биік қазақ қызы деген атқа лайық болары сөзсіз. »
Қорытынды.
Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз - әсем. Сөзі өткір, өзі пысық, өрескел-дікті сүймейтін, болмашыға күйіп-піспейтін келбетті қыз – сұлу. Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – көрікті. Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын қыз - әдемі. Дене бітісі жинақты – тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты қыз – ажарлы. Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр қыз – шырайлы.
Қилы заманда, тар жол тайғақ кешіп, соғыс зардабын шеккенде, бай кедей болған дәуірлерде де қыз бұзылған жоқ. Сондықтан қазақ жері, әдеті мен ғұрыпы, салт мен дәстүрі, тілі мен мәдениетін сақтап жас ұрпаққа әкеліп жеткізді. А

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: