бұрын жігітпен жақындаспаған, көкірегі қиялға толы аңғал, балауса қыздарды торитыны сөзсіз.
Тән жақындығы дегеніміз – махаббаттан мүлде аулақ жатқан, әлдеқайда арзан, бір сәттік қана өткінші сезім. Мөлдір махаббатты мүлде ұқпайтын, тек құмарлыққа салынғандар өз ойларына жеткенше асығады. Мұндайда олар бойындағы бар «өнерін» жұмсап, тілінен бал тамызып, бастарын шыр айналдырады. Бірақ мұның жалған, жылтыр сөз, жақсы ойналған роль екендігін бүгінгі білімді, ойлы қыздарымыз ажырата білер деп сенеміз.
Бақыт апай: Бүгінгінің ащы шындығы — қазақтың «қырық үйден тыю көрмей» өскен бойжеткені мектеп партасында отырып-ақ жүкті болып жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда жылына 20 мың жасөспірім жүкті болып, оның тең жартысы түсік жасатады. Салыстыру үшін айтайық, Шымкенттегі бір ғана Еңбекші ауданында орналасқан білім ошақтарында 28 мың шамасында оқушы бар. Биыл облыс бойынша, 65 мың бала дүние есігін ашса, соның 700-ін кәмелет жасқа толмаған қыздар босанған.
Алтын апай,10 «А»класының класс жетекшісі: «Ұят, ұялу – ішкі жан сырыңды сыртқа шығарарлық қасиетті де, қасіретті де сезім. «Ол сезім қазағымда қалай пайда болды және қалай өріс алуда?» деген сауалға жауап іздер болсақ, ол жоғарыдағы ауытқулардан, асығыстықтан, берекесізденуден, ақыл мен парасаттылық қасиеттеріңнің оралымсыздығынан, ар мен намысыңның сөніңкірегенінен, жігер мен қайратыңның ынсапсыздығынан, өрепкуіңнен, менмендікке салынуыңнан, асқақтауыңнан, мансапқорлығыңнан туындайды. Осылар арқылы пайда болған ағаттығыңды тез түсінсең, еркіңді шапшаң жинап алсаң, бетке тепкен ұятың қасиетті де қастерлі, адамгершілік, инабаттылығыңнан тіпті де ада еместігің, ақылың мен арыңның шашырамағандығы. Ұят мезеттік сезім болғанмен, оның салдары ақылды адамды терең ойға батырады, кешірім сұрауға мәжбүр етеді».
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>