Қыз-ұлттың ұяты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жатқандарын көріп жаға ұстаймыз. Бұлай бойжеткендердің етектерін ерте түрулеріне не себеп?Бұл қыздардың тәрбиесіне кім жауапты?Мектеп жасында аяғы ауыр болып қалатын қыздардың өмірі қандай болады және кім кінәлі?Осындай сұрақтарға біз бәріміз осы дөңгелек үстел барысында жауап іздеп,барынша талқылайтын боламыз!
Дөңгелек үстеліміздің қонақтары:
1. Жақсылықова Айқын,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2. Әлтаева Бақыт,мектеп психологы
3. Қалыбекова Тымар,мектеп психологы
Баяндама «Білгеніңнен білмейтінің көп әлі. . . Ерте жастағы жүктілік: ия мен жоқ»
Мектеп жасындағы жас өспірім қыздарда нәзіктік пен құштарлық, сүйгеніне жан-тәнімен берілгендік, қорқыныш пен үрей, қуаныш пен қызғаныш сияқты сезімдер пайда болады. Желөкпелік пен көрсеқызарлыққа қарама-қарсы, нағыз махаббат өзінің жан толғанысының тереңдігімен, жүрек лүпілінің нәзіктігімен, бір бетінен қайтпайтын табандылығымен ерекшеленеді. Осындай махаббат жайында Абай: «Асыл адам айнымас, бір бетінен қайрылмас» деген. Асыл махаббат иесі болу тек адам баласына ғана тән қасиет. Бұл екі адамның арасындағы ар-ұяттың, сана мен сезімнің, намыстың жүректен қайнап шыққан тұтастығы. Оның мың сан иірімін, туу, жалындау жолдарын ешкім де қолмен қойғандай етіп түсіндіріп берген емес. Бұрынғы ата-бабаларымыз айтады екен: адамның ақылы жетпейтін төрт нәрсе бар. Олар – аспандағы қыранның жолы, жартастағы жыланның жолы, судағы кеменің жолы және ер-азаматтың әйел жүрегіне салатын жолы.
Өмірде ешкім айтпаған, тек кинодан көріп, кітаптан оқыған сырлы сөздерді алғаш есту шындығында да басқа ғой. Қыздардың жедел өсіп-жетілу кезінде (акселерация) мұндай болмай тұрмайды. Сондықтан да жігіттің жетегінде кете бермей, бойларыңдағы тілекке тежеу салыңдар. Әдетте тән тілегі бір басқа болады. Қандай да

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: