Қыз Жібек

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

> Фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесі қызметтерін атқаруына бірнеше мысалдар таптым. Мысалы, От болып жанған көңілім су сепкендей басылды. (88). Мұнда фразеологиялық тіркес (от болып жанған көңілім) – бастауыш, (су сепкендей басылды) – баяндауыш, Базарбай баласына көңілі толды. ( көңілі толды) – баяндауыш, Рақым етсең, я алла, қу қалмақты өлтіріп қызығына батайын (122) – баяндауыш, Қарағыма көз сал-ау! (55) – баяндауыш.
Фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесінде толықтауыш болуы: Он алты жасқа шейін қыз жаратпай, ат жерді арылтып тәмам қылды (51). Тоқтатып алып қалам деп шыбын жанын қинадым (100). Нан пісіп тұрған деміне талап қылдым жеңеше-ау! (113).
Фразеологиялық тіркестердің анықтауыш болуы: Толған айдай толықсып, ақ сазандай бұлықсып, бұралып кетіп барады (61). Туған айдай иілген екі қастың арасы (63).
«Қыз Жібек» жырында фразеологиялық тіркестердің қоланылуы
Жырдағы фразеологиялық тіркестердің семагнтикалық ұласуы
Фразеологиялық тіркестердің семантикалық ұласуын академиктер В. В. Виноградов пен Н. М. Шанскийдің классификациясын фразеологиялық жобаға ала отырып 4 топқа бөлеміз.
Бірінші топ – фразеологиялық тұтастықтар. Бұл топтағы фразеологиялық құрамына енген сөздер өзінің о бастағы дара мағынасынан айрылып қалады да, өзара тоқтасып бүтін единица ретінде жұмсалады. Мысалы: құлақ салыңыз. . . , . . . көңілі тойды,
. . . көңілі кетті, . . . құм құйылсын көзіне, . . . тілі тимей ме, . . . көз сал, . . . қабырғасы сөгіліп, көзім сүзбейін . . . , . . . тіліне неге ересің. . . , . . . бақ қонды, . . . бақ берді. . .
Екінші топ – фразеологиялық бірліктер. Фразеологиялық бірліктердің бір бүтін мағынасы өзін құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен байланысып барып туады. Мысалы: . . . ат жетер жер, . . . майдай жағады, құс қ

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: