л қанға бояды қара жерді. . . (123).
Литота – бір затты құлдырай суреттеу. Мысалы: Белі нәзік талып тұр. . . (70), Аш күзендей бүгіліп. . . (83), Бордай болып үгіліп. . . (83), Тұлпардан қалған тұяғым. . . (113), Алақаны тозады. . . (114).
Синекдоха. Қаңғырып өскен бір қу бас. . . (70), Қу бауыр қия алмай. . . (83), Сүйретіп барып алтауы . . . (95), Қу кәпірдің кеміне. . . (113).
Қайталау. Бұл ойды дәл, анық беру үшін сөзді не сөз тіркесін қайталап қолдану. Өлкенің көркі тал болар, Өзеннің көркі жар болар, Жігіттің көркі мал болар, Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Сары ағаш кескен сайын құм болады, заманы жылдан-жылға сұм болады.
Перифраз. Бұл қарапайым жай сөз орнына бейнелі сөз тіркесін қолдану. Жақсының бал тамады тіл-жағынан. . .
Жалпы фразеологизмдерді басқа тілдік бірліктерден ажыратудың айырма белгілері деп зерттеушілер мынадай үш негізге сүйенеді:
мағына тұтастығы ( белгілі фразеологизмдердің ішіндегі сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе жартылай айырылып қалады да, шоғыр тіркес тек бір тұтас мағына береді); Мысалы: желі тұрып оңынан, нан пісіп тұрған деміне, көңілі әбден толды. . .
тіркес тиянақтылығы (фразеологизмдердің ішіндегі сөздер бір-бірімен жымдаса байланысыды, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық жағдайда да тіркесу өз қалпын сақтайды); Мысылы: Қыздың көзі қызылда, қайғыменен қан жұтып, шыбын жан, тілі тимей ме?. .
қолдану тұрақтылығы ( белгілі формада әрдайым айна-қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжытпай қайталана қолданылады); Мысалы:Қыдыр дарып, бақ қонды. . .
Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ, Жақсының бал тамады тіл-жағынан. . .
Фразеологизмдердің стильдік бояуы жеке сөзбен салыстырылып қарағанда әлдеқайда күшті, экспрессивті мүмкіншіліктері анағұ
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>