онбас. . , құла жапан. . . , ашып көзді жұмғанша. . .
Үшінші топ – фразеологиялық тізбектер. Бұл тіркестердің бір тұтас ұғымы өзін құрастырушы жеке сөздердің ұғымынан онша алшақ кетпейді, солармен байланыста болады. Мысалы:
. . . айдын көл, толған айдай. . . , . . . туған айдай. . .
Төртінші топ – фразеологиялық түйдектер. Бұл топқа мақал-мәтел, афоризм, қанатты сөздер жатады. Мысалы: Қыздың көзі қызылда. . . , Қанаты бүтін сұңқар жоқ. . . , Аяқты малда есеп жоқ. . . ,
Қалғыз ағаш кесілсе қуарып қалар тамыры. . .
Жырдағы фразеологизмдерде троптардың кездесуі
«Қыз Жібек» жырында кездесетін фразеологизмдерде троптардың және стильдік фигуралардың бірнеше түрлері кездеседі.
Метафора – көркем әдебиетте көп жұмсалатын мәнерлі тілдікң құралдың бірі. Мысалы: Алтауы бірдей бөрі еді. . .
(75). Қолғанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім, суырылып озған жүйрігім. . . (85), Алтынды сүйек Төлеген. . .
(89), Тілсіз мақұлық жануар. . . (91), Үйрек жүнді оттасым, қарға жүнді қаттасым, жалғыз інім, бауырым, Қанатымда құяғым. . . (91, 92).
Теңеу – бір-біріне ұқсастығы бар екі зат салыстырылады. Бұл жырда көп кездеседі. Мысалы: Толған айдай толықсып, Ақ сазандай құлықсып, Бұрылып кетіп барады, Туған айдай иілген екі қастың арасы. . .
Эпитет – ойды бейнелі түрде мәнерлеп жеткізудің кең тараған тәсілі. Мысалы: Тоқтатып алып қалам деп, шыбын жанды қинадым. . .
Гипербола – бір затты асыра, әсірелей суреттеу. Мысалы:
Қабырғасы сөгіліп. . . Солқылдайды қара жер. . . (66), Ұршықтай саны бұлтылдап. . . (66), Құйындай шаңы бұрқырап. . . (66), Күндей балқып. . . ,Көзіненағып қанды жас, Қайғыменен қан жұтып, Сауырынан аққан тер. . . (117). Оттай қаулап жанасың. . . (119), Тоғыз қабат сауыттың сегізінен өтеді. . . (120), Қызы
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>