Қыз Жібек

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

рлым мол. Солардың бірі – окказионал фразеологизмдер. Олар көркем шығармада ойды дәл, әсерлі, нақты әрі қысқа береді. Қалыпты сөз тіркестерін қайталамау нәтижесінде туған жаңа, соны тіркестер образ жасау, кейіпкерлерге тілдік мінездеме беруде ерекшеліктері мол. Мысылы жырдан үзінділер келтірсек:
Бүйте берме, Жібекжан
Кесірің жұртқа тимесін.
Ағыным судай ағады,
Халқым малдай бағады,
Жұртым қойдай қағады. (54).

Көзінен ағып қанды жас
Бордай болып үгіліп
Қабырғасы сөгіліп (70).
От болып жанған көңілім
Су сепкендей басылды (77).

Ешкімге көзім сүзбейін
Күдерімді үзбейін (88).
ҚОРЫТЫНДЫ

Фразеологизмдердің тілдік табиғатын тану үшін және оны басқа тілдік бірліктерден өзгешелігін білуде образдылық мәселесінің мәні зор екендігін баса айтқым келеді. Фразеологиялық образ жасаушы негіздері – сөздің ауыспалы мағынасы, гипербола, теңеу, тұрақты эпитет болып келеді. Сондықтан тұрақты тіркестерге негіз блған образдар халық тұрмысы мен таным-түсінігін, салт-дәстүрін бейнелейді. Жырдағы фразеологиялардың еркін қолданысы қазақ тілінің бай қорын, халық тіліндегі сөз қолданыстарын айшықтандыра, жетілдіре түседі.
Тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасуына, толығуына дамуына эпостық шығармалардың әсері мол болған. Себебі эпостық жырлар поэзия жанрының бір түріне жатады. Эпос көнерген әрі жаңарған сөздермен қоса халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған мәйекті де бай тілі. »Қыз Жібек» жырындағы фразеологизмдердің қолданылуын зерттей келе, олардың жырдың көркемдігін арттыруда кең стильдік қызмет атқаратына көз жеткіздік.
Тұрақты сөз тіркестерінің қолданысын жас ұрпаққа үйретудің маңыздылығы сол – алдымен оқушының сөздік қоры молаяды, тіл жұмсау дағдысы көркем деңгейде жетіледі, тілі ұшт

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: