br/>v "Ат жоқ көке!"-деп, жігіттің қарындасы неше рет айтты?
v Егер сен жігіттің орнында болсаң, не істер едің?
v Аңыз ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? Болжау.
v Осы бөлімге көкектің қандай қатысы болуы мүмкін? (көмек үшін, ойландыру үшін: Көке!Көке!Көке! деген сөзге мән беру. )
v Балалар, оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін білгіміз келе ме?
v Аңызды осы жерге дейін оқығанда қандай сезімде болдың?
Мысалы:
v Жігітті аяу
v Қарындасының бейқамдығына өкіну
v Сасқалақтау
Ары қарай аңызды соңына дейін оқу тапсырылады. Тағы бір оқушы мәтіннің мазмұнын іңгімелеп шығады.
v Балалар сендерге мәтін бойынша тағы қандай сезімдер туды?
Мысалы:
v Өкініш
v Сүйсіну (жалғыз болса да жауға қарсы кеткеніне)
v Мақтаныш ету (ерлікті, батырлықты)
Оқушылар сезімдерін түсіндіріп береді. Осы жұмыстарды талдыу арқылы оқушылар мұғалімге, бір біріне сұрақтар қоя отырып, өздерінің сөйлеу тілдерін де дамытады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.
Сергіту сәті
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Оқушыларға мұғалімнің рөліне еніп, мәтін бойынша тұжырымдар жазу тапсырылады. Оқиғаның осылай аянышты аяқталуы көңілсіздік тудыратындықтан,балалардан батыр жігіттің қарындасын құтқаруға сендер көмектескілерің келе ме деп сұрау, аңызды жақсылықпен аяқтауға тапсырма беру. Ол үшін үйде қызды құтқару туралы аңызды аяқтап жазып келу тапсырылады.
Үй тапсырмасы
Мазмұндау Көкектің суретін салу
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
4-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>