Ә. Бөриев. Ересек оқушы.
Сілтеме
Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар
1. Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу.
Автор жайлы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып,бір тұрып
Жақсы сергіп қалайық.
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.
Үйге тапсырмаға өнерге байланысты мақал-мәтелдер жинау берілген болатын. Мақал- мәтел сұрау.
Өнер дегеніміз не ? Өнер: ән айту, сурет салу, би билеу, мүсіндеу, тігіс тігу, айтыс айту, т. б. Бүгінгі сабағымыз өнердің бір түрі сурет салу өнері туралы болмақ.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Ой қозғау. Балалар әңгіме неліктен Ересек оқушы деп аталыпты ? Өйткені әңгімеде Әбілхан Қастеевтің балалық шағы суреттелген. Балғын сөзі бала, балалық шақ деген мағына береді.
Оқулықпен жұмыс.
Тізбектей оқу. Тауып оқу.
Сергіту сәті
Биші бұралып билейді,
Күйші домбыра тартады
Спортшы жүгіріп, секіреді,
Оқушы отырып, сабақ оқиды.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Әбілхан Қастеевтің туындыларының артында сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылау.
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>