ойындарын өткізудің маңызы зор. Олар - оқушылардың шаршамауына, демалуына әсер етеді.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын ұйымдастыру арқылы мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын.
Мұғалім оқушыларға түзете оқу - тәрбие үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиеттерін дамытып, психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.
Қазіргі қоғам жан-жақты білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен мектеп қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілетін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Комуналдық мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" "Қостанай түзету мектебі" 2"Б" және 2"В" сыныптарында жүргізіліп, тәжірибелік-экперименттік жұмысымызға 14 бала қатысты. Оның ішінде 7 бала 2"Б" сыныбынан, 2"В" сыныбынан. Жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысымыздың мақсаты: Психикалық дамуы тежелген бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау ерекшеліктерін ойындар арқылы дамыту, белсенділігін дамыту үлгісін жасап, оны оқу үрдісінде пайдалану, белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың міндеттері:
- Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларға ұлттық ойындар арқылы математика сабағында ойлауын дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- Бастауы
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>