циональді-ерікті сфералары мен танымдық белсенділіктері дамымаған, қимыл - қозғалысы мен сөйлеу тілінде кемшіліктер байқалады. Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың көпшілігінде сөздік - логикалық ойлау операциялары толық қалыптаспаған. Ойлау әрекетінің дамуының артта қалуы ойлау операцияларының барлық компоненттерінде пайда болады, атап айтатын болса:
- ПДТ балаларда танымдық белсенділігі мен танымдық қызығушылығының жеткіліксіздігі байқалады;
- өзінің әрекетін жоспарлай алмайды;
- ойлау үрдістерінің динамикалылығының, серпімділігінің бұзылуы т. б. ПДТ балаларда ойлау әрекетін оңтайландыру, интеллектуалды белсенділікті реттеу, логикалық операциялардың дамуы және өз уақытылы қалыптасуы, мектепке дейінгі балалардың танымдылық ортасын сапалық түрде өзгертеді және әлеметтендіру мен мектептік оқыту үрдісінде білімді ойдағыдай меңгерудің алғышарттарын құрайды. ПДТ балаларда логикалық ортаның дамуы үрдісінің әдістемелік басқармасы, арнайы дамытқыш жұмыс ұйымдары кезінде жоғары тиімді болып табылады. Сабақты ойын формасында таңдау, дамудың жетекші күші ретінде әрекетті анықтайтын, коррекцияның әрекеттік қағидаттарына негізделген. Ойындық үрдіс ПДТ балалар үшін ерекше мәнге ие, себебі мектепке дейінгі балалардың ойынында, өздерінің әрекеттерінің нәтижелеріне танымдылық қызығушылықтың дамуы оңай жүреді, мәселелі тапсырманы орындау үрдісінде сөйлеу белсендендіреді. Бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөздік - логикалық ойлауын дамыту үшін мынандай ойындар жүргізіледі: "Ойыншық өзі туралы не айтады", "Барлық жағынан", "Жазылуы бойынша жауабын шеш", "Жартылай суреттер", "Дүкенде", "Кескінді суреттер" , мазайка, конструкторлы ойындар.
Түзете - дамыта оқыту сыныптарында сергіту
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>