ш мектеп жасындағы ПДТ балаларға ұлттық ойындар арқылы математика сабағында ойлауындамытудың теориялық модельін құру, мазмұнын жүйелеу, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;
- Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларға ұлттық ойындар арқылы математика сабағында ойлауын дамытудың әдістемелік жүйесін көрсету.
Зерттеу жұмысымды тақырыбына байланысты үш кезеңге бөліп қарастырдым.
І. Кезең - анықтау;
ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін айнала әлемі сабағында ойындарды қолдану арқылы қалыптастыру
Тақырыбы:"Нан қасиетті тағам"
Мақсаты
1. Оқушыларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру
"Ас атасы - нан"екенін түсіндіру,
2. Дүниетанымын, ой-өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту.
3. Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, сөзжұмбақ, тірек сөздер, кесте
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық тренинг. "Жаңа күн"
Оқушыларды топқа бөлу.
"Нан - қасиетті тағам"
Тыңда ерлер түлетті
Тың адамды үйретті
Нан үшін олар тер төкті
- Нан қайдан шығады?
- Нан қандай болады?
- Білгілерің келе ме?
Ас атасы- нан деп айтуымыздың себебі нансыз адам өмір сүре алмайды. Нан бізге үлкен еңбектің арқасында келеді.
-Ендеше балалар наубайханаға саяхат жасап көрейік. Ең алдымен тұқымды көктемде жерге себеді. Ол егілген дәнді жаз бойы адамдар суарып, баптап күтеді. Уақыты келгенде өсіп өнген астықты жинап алады. Астықты жинау үшін комбайн қажет. Ол жиналған бидайды диірменге апарып тартады. Одан
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>