ң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ /тірек-сызбамен жұмыс/
4. /Бейнежазба көрсету/
1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.
/Орыс халқының сәлемі/
1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Орыс мәдени орталығының өкілі: Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жок. Әрине, негізгі максатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дэстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан әркашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа бізге түк керек емес.
Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе - өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші: Ендігі сөзді ұйғыр мәдени орталығына берейік.
Ұйғыр мәдени орталығынын өкілі: Ұйғырларды таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені - Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы, онда 12 млн. ұйғыр тұрады екен. Олар 3 топка бөлінеді: хотандык, турфандык, қашғарлық. Қазақстандағы, яғни Алматы облысы бойындағы жер аударылып к
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>