Ынтымағы жарасқан, туған өлкем

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

елген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олардың алғашқы легі сонау 1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң бәрі Жетісуға өтуімен басталды. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп өніп, жақсы тіршілік кешуде. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені - халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі кең, бауырмал қазақ елі!

1-жүргізуші: Өзбек ұлтының өкіліне сөз берейік.
Өзбек ұлтының өкілі: Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!
Бұралып гөзел біздің билегенде,
Өзбектің асқақ әні тербегенде,
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?!
2-жүргізуші: Шешендер мен ингуштар бабаларының мәдениетін жоғары бағалайды, соның ішінде қатаң сақталатын салты - әйелге құрмет көрсету. Тіпті ең қатыгез талас-тартыстардың өзі де әйелдің келуінен кейін тоқтатылған. Бұл елдің рухани дүниесі әйелден тарайды. Олардың негізгі салты - қонақжайлылық. Бұл дәстүрді бұзу ауыр қылмыс болып табылады екен. Ал енді көз алдарыңызға қызу қанды кавказ халықтарын, олардың биін, бастарына папаха киген сырнайшыларды, ұзын ақ көйлек киген аруларды елестетіңдерші. . .
Бұл елес неге шындыққа айналмасқа!
Алдарыңызға бишілер тобын шақырамыз!
Бір ингуш жігіті мен ингуш қызы, бір шешен жігіті мен шешен қызы шығып ингуш-ш

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: