Ынтымағы жарасқан, туған өлкем

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

еп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.
Бейбітшілік жасасын!
Ынтымақ жасасын!
2. /Бейнежазба көрсету/

1 -- жүргізуші:Татулық, бірлік, келісім - ең асыл іс кез келген ел үшін. Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Ассамблея дербес қоғамдық институт болып құрылғанына да алты айдан кейін 20 жыл толмақ. Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл идея елімізге не берді? Президент Жарлығымен 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Бүтіндей бір жылды Ассамблеяға арнаудың себебі не?
3. /Бейнежазба көрсету/
7-оқушы: 1995 жылдың 1 наурызында тәуелсіз еліміздің тарихында "Қазақстан халқының Ассамблеясы" атты жаңа институт пайда болды. Тоқсаныншы жылдар егемендігін енді алған ел үшін оңай кезең емес еді. Мемлекетімізді аяғынан тік тұрғызу үшін қыруар күш қажет болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің алдымен экономикасын көтеруді басты мақсат еткені де белгілі. Бірақ бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жеткізу мүмкін еместігін әу баста айқындап алды. Экономикалық дамумен қатар еліміздегі татулықтың тамырын тереңдету керектігін тәуелсіздік алғаннан бері халыққа түсіндірумен келеді Мемлекет басшысы. Бастаманың мән-маңызын ұғынған еліміздің барлық облысы идеяны іліп әкетті.
8-оқушы: 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
За

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: