Сабақтың тақырыбы:«Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
Сабақтың мақсаты:
а/ білімділік: Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы түсініктерін кеңейте отырып, ұлттық сусынымыз –«қымыз» туралы түсінік беру. Этнолингвистикалық атаулармен таныстыру. Ұлттық тағамдар тақырыбында диалог құрып сөйлесуге үйрету.
ә/дамытушылық: Ауызекі сөйлеу әрекеттері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Лексикалық сөздік қорларын байыту. Тапсырмалар арқылы сауаттылықтарын арттыру.
б/тәрбиелік: Ұлттық тағамдардың пайдасын ұғындыра отырып, дәрумені мол, табиғи таза өнімдерді тұтынуға, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, кластер сызбасы, түсіндіру, ойландыру, аударма.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, «Ұлттық тағамдар», «Қазақтың дастарқаны» атты энциклопедиялар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а/ Сәлемдесу.
ә/ Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Ұлттық тағамдар» тақырыбында диалог құрып сұхбаттасу.
2. Ас, тамақ туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қымыз
. . . . Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға –ем, сауға-қуат, дәрі қымыз.
Елімнің кеңестік сүйген асы,
Шығаршы, тағы нең бар кәрі қымыз. (Ж. Жабаев)
Сөздікпен жұмыс:
Қымыз - кобылье молоко
Саумал қымыз - только что заквашенный кумыс
Түнемел қымыз - однодневный кумыс
Тай қымыз - двухдневный кумыс
Құнан қымыз - трехдневный кумыс
Дөнен қымыз - четырехдневный кумыс
Бесті қымыз - пятидневный кумыс
Сүр қымыз - выдержанный кумыс
Ашыту - заквасить
Қор - закваска
Түшкіру - чихать
Ем - лечение
Бағалы - ценный
Мәтінмен жұмыс:
Қымыз- қазақ халқының әрі тамақ, әрі дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең бағалы сусыны. Ол
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>