дарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды. Бауырсақ - дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Бауырсақты қазақтар ғана тұтынады десек, қателесеміз. Оны моңғол, орыс, қытай, француз қатарлы көптеген әлем елдерінің ас мәзірінен де көруге болады. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады. Мысалы, үлкен, домалақ, ішіндегі қамыры мол, сыртқы түсі аппақ бауырсақтар пісіріледі, олардан кішірек, жақсылап қуырылған қып-қызыл өріктей бауырсақтар пісіріледі, іші қуыс домалақ сары бауырсақтар, кіп-кішкентай тіске салғанда қыртылдап беретін ши бауырсақтар, төрт бұрыш пішінді ішінде қамыры мол сары бауырсақтар, төрт бұрышты жалпақ бауырсақтар тағы басқа түрлі бауырсақтар кездеседі. Бауырсақ ашытылған және ашытылмаған қамырдан пісіріледі.
Ашыған қамырдан пісірілген бауырсақ ыстық майға түскен кезде күмпиіп, домалақ пішінге енеді. Бауырсақтың бұл түрін жер-жерде "тілме", "жалпақ бауырсақ", "қиық бауырсақ" деп әр түрлі атайды. Ал мен өзім бұл бауырсақты - "томпақ бауырсақ" деп атаймын.
Ал ашытпай пісірген бауырсаққа көбіне май (сорпаның майы, шыжғырылған іш май, сары май), кейбіреулері ас содасын немесе қаймақ қосады. Бауырсақтың бұл түрі кеуіп қалса да, көгеріп бүлінбейді. Ол кепкенмен қасиет, дәмін жоғалтпай, жегенде үгітіліп тұрады. Анам көбіне бұл бауырсақты алысқа жүретін жолаушыға және сәлемдеме үшін пісіреді. Бұл бауырсаққа менің қойған атым- "санамақ бауырсақ"
Біз ауылды жерде тұрғандықтан бауырсақты қолмен илеп, қазандағы майға сапырып пісіреміз. Ал әлемде осы бауырсақты өндіруге арналған технология да
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>